jitsu gif branding logo appbranding logo app

    ШҚО-да жол апатынан бір жарым жасар сәби мен төрт ересек ажал құшты

    Оқиға орны
    Оқиға орны. Фото: instagram.com/eastkazpolice

    Кеше түнде Шығыс Қазақстан облысында жол-көлік оқиғасы орын алды, нәтижесінде төрт ересек адам мен бір жарым жастағы сәби қайтыс болды деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің Instagram-дағы ресми парақшасы.

    Тәртіп сақшыларының айтуынша, жол-көлік оқиғасы түнгі сағат бірде болған.

    "Lada маркалы автокөліктің 45 жастағы жүргізушісі, Қарауыл ауылынан Абай ауданындағы Саржал ауылына қарай келе жатып, жол учаскесінің 152 шақырымында рульді басқара алмай, көлік аударылып қалған", – деді полиция.

    Оқиға орнында жүргізушінің өзі, 39, 36 және 35 жастағы үш ересек жолаушы, сондай-ақ бір жарым жасар нәресте қаза тапты. Көліктің тағы бір жолаушысы жарақат алды. Ол ауруханаға жатқызылды.

    Адам өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық кодекстің 4-бөлігінің 345-бабы "Адамдардың жол қозғалысы ережелерін бұзуы, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соғуы" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

    "Қылмыстық іс аясында оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалады", – деп қорытындылады тәртіп сақшылары.

    Полиция жүргізушілерді тағы да жолда абай болуға, жылдамдық пен жол қозғалысы ережелерін сақтауға, сондай-ақ көліктердің жағдайын бақылауға шақырды. Сонымен қатар, автокөлік жүргізушілеріне көлік жүргізу кезінде, әсіресе түнде, олардың физикалық жағдайына назар аудару ұсынылады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.