Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Батыс Қазақстанда оқушылардың төбелесі мұғалімдердің жанжалына ұласты

Жарияланған күні:

Мұғалім
Көрнекі сурет: pixabay.com

Батыс Қазақстан облысындағы оқушылардың төбелесі мектеп мұғалімдерінің арасындағы жанжалға ұласты. Теректі ауданындағы орта мектептің оқытушысы Мейрамгүл Құбашева қатарластары соққыға жыққан баласының халі ауыр екенін айтады. Ашынған ана араша сұрап, әлеуметтік желіге де жүгініпті. Ал әріптестері бұл дауды белгісіз біреулер мектептің беделіне нұқсан келтіру үшін пайдаланып отыр деген пікірде деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Ата-аналар комитетінің өкілдерінің сөзіне сенсек, бір-бірімен төбелескен балаларды ажыратқанда Расул оқыс құлап, жарақат алған. Бірақ оқушының анасы мұнымен келіспейді.

Ол мұндай өрескелдіктің жиі қайталанатынын әлеуметтік желіге де жазып, мұңын шағыпты. Ал соңғы күндері ұлын уайымдап, денсаулығы сыр берген.

"Ауруханадан шықты. Бас миы шайқалған, Басында үйге келген мұғалімін танымау деген болды. Невропатологқа тіркелдік. Бұған дейін де болды. Менің өз баламның басында уже үшінші төбелес. Мектеп ішінде де болды. Бірақ мен оған көз жұма қарадым. Тағы да осы жақында тіркелді. Мектеп арасындағы төбелес болды. Бірақ оны тәрбие ісі жөніндегі завучтар жауып тастады", - деді жәбірленген оушының анасы Мейрамгүл Құбашева.

Мектеп басшылығы болса, бұл оқиғаның ізімен арнайы комиссия құрылып, қызметтік тексеру басталғанын жеткізді. Оған қоса, кінәлілер жазасыз қалмайды деп сендірді.

"Әлеуметтік желіде ол кісінің мектеп формасын сақтамау жөнінде айтылған. Білім минисрлігінің бұйрығында мектеп формасы оқушылардан талап етілмейді. Бірақ классикалық үлгідегі киім үлгісі талап етіледі. Сондықтан да бұл жағдайда негізгі нақты факті жоқ", - деді мектеп директоры Эльмира Өтепбергенова.

Мектеп директорын қолдаған мұғалімдер де балалар арасындағы жанжалды ересектердің өз мақсатына пайдаланып, мектепке күйе жаққысы келетінін айтады.

"Ана өзінің жанайқайын әлеуметтік желіге салып шығарғысы келген шығар. Бірақ сол мәселе директордың өзінің кабинетінде де шешіле жаздаған. Бірақ осы мәселеге қатысты Мейрамгүл Боранбаевнаның басқа бір пайдалану бағытында мен осы сөзіме жауап бере алам, осыны басқа бір бағытқа бұрып, елді шулатып, мектептің бүкіл жасап жатқан жұмысын нөлге айналдыру әрекеттері істеліп жатыр", - деді мұғалім Айжан Мырзағалиева.

Басынан жарақат алған оқушы қазір үйінде емделіп жатыр. Мектеп директоры ол сабаққа  оралғасын, төбелескен жеткіншектерді татуластырамыз деп сендірді. Бірақ мұғалімдер әлі келісімге келе алар емес.

Е. Карин

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1937013-batys-qazaqstanda-oqusylardyn-tobelesi-mugalimderdin-zanzalyna-ulasty/