Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда ірі өрт болып, полицейлер көшені қоршауға алды (видео)

Опубликовано:

Өрт
Видеодан кадр: instagram.com/almaty_tjd

Бүгін, 18 қазанда Алматыдағы Алмалы ауданында ірі өрт болып, қауіпсіздік үшін полиция қызметкерлері сол маңдағы көшені қоршауға алған деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі қалалық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Өрт туралы хабарлама ТЖД пультіне сағат 14:47-де түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 5 минутта жеткен.

Анықталғандай, 100 шаршы метр аумақта шаруашылық құрылыс заттары өртенген. Қызыл жалынның жеке тұрғын үйлерге таралу қаупі туындаған.

Өрт сөндірушілер жанып жатқан орыннан 25 литрлік екі, 5 литрлік екі газ баллонын сыртқа шығарып үлгерген.

Сағат 15:27-де өрт сөндірушілер тілсіз жауды ауыздықтаған.

"Жамбыл көшесінің қауіпсіздігін қаматамасыз ету үшін полиция қызметкерлері көшені қоршауға алды. 10 бірлік көлік пен ТЖД жеке құрамының 35 қызметкері жұмылдырылды", - делінген төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ақтөбе облысы төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндірушілері дәрменсіз күшікті қызыл жалыннан құтқарып қалғанын жазған едік.

Жеке құрылыс аумағынан шыққан өрттен зардап шеккендер жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1937672-almatyda-ort-bolyp-policeiler-koseni-qorsauga-aldy-video/

pixel