Айдалаға апарған: Алматы маңында 17 жастағы жігіт такси жолаушысын зорлап, тонап кетті
Жарияланған күні:
Алматы облысында таксиде қасындағы жолсерігін зорлап, тонап кетті деген күдікпен 17 жастағы жігіт ұсталды.
Іле аудандық полиция бөліміне жас әйел арыз түсірген. Айтуынша, ол 9 қазан түнгі сағат үш шамасында Алматы қаласының №1 теміржол вокзалында үйіне жету үшін такси ұстаған. ҚазАқпарат дерегінше, әйелді алған соң такси жүргізушісі қасындағы тағы бір жолаушының өтініші бойынша Түймебаев ауылының жанындағы жолдан бұрылып, айдалаға апарған.
"Артқы орынға ауысқан жолаушы сол жерде әйелге шабуыл жасап, ұрып-соғып, зорлап, алтын алқасын тартып алған. Қылмыс такси жүргізушісінің қатысуымен жасалған. Ол зорлық жасаған адамға өз әрекетсіздігімен көмектесіп, оның серіктесі болып шықты",- делінген хабарламада.
Тәртіп сақшылары күдікті ретінде Бұрындай кентінің 17 жастағы тұрғынын ұстады.
"Күдікті қылмысын мойындап, қамауға алынды. Сондай-ақ, 22 жастағы такси жүргізушісі де ұсталды. Ол екеуі жерлес болып шықты. Такси жүргізушінің әрекетіне тергеу кезінде тиісті құқықтық баға беріледі",- деп атап өтті полициядағылар.
Іс Қылмыстық кодекстің 120-бабы 1-бөлігі (зорлау) және 191-бабы 2-бөлігі (тонау) бойынша қозғалды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1938294-aidalaga-apargan-almaty-manynda-17-zastagy-zigit-taksi-zolausysyn-zorlap-tonap-ketti/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.