Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Байқоңырда бұрынғы полицейге өштескен екі тұрғын оны соққыға жыққан

Опубликовано:

Полицей
Көрнекі фото: piqsels.com

"Байқоңыр" кешенінің прокуратурасы экс-полицейді соққыға жықты әрі тонады деген күдікке ілінген жергілікті екі тұрғынға қатысты істі еліміздің құқық қорғау органдарына жолдады. Бұл туралы қадағалау органының ресми сайтында хабарланды.

Құзырлы мекеменің мәліметіне сәйкес, Байқоңыр қаласының екі тұрғынына қатысты Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 318 бабы 2-бөлігі және 162 бабы 2-бөлігі (өз қызметтік міндеттерін атқаруға байланысты мемлекеттік қызметшінің өміріне және денсаулығына қауіп төндіре отырып күш қолдану және алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған қарақшылық) бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Тергеу барысында анықталғандай, 2021 жылдың 24 шілдесі күні жергілікті екі тұрғын Байқоңырдың 6 ықшамауданындағы №21-үйдің маңында бұрынғы тәртіп сақшысының басы мен денесіне бірнеше рет соққы жасаған.

Белгілі болғандай, экс-полицей ішкі істер органдарында қызмет атқарып жүрген кезінде күдіктілердің заңға қайшы әрекеттерінің жолын кескен. Бұған өштескен олар кек алуды және түнгі уақытта оның мүлкін ұрлауды көздеген.

Жәбірленушінің денсаулығына жеңіл дәрежеде зиян келтірілген. Жедел іздестіру шаралары барысында күдіктілер ұсталған. Ұрланған мүлік тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылған.

Айыпталушылар Қазақстан азаматы болғандықтан, кешен прокуратурасы оларға қатысты қылмыстық істі одан әрі тергеу үшін еліміздің құқық қорғау органдарына жолдаған.

Мұндай қылмыстар үшін Қазақстан заңына сәйкес, мүлікті тәркілей отырып, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1938713-baiqonyrda-eks-policeige-ostesken-eki-turgyn-ony-soqqyga-zyqqan/

pixel