Жамбыл облысында газ өңдеу зауытының аумағынан өрт шықты
Жарияланған күні:
"Амангелді газ өңдеу зауыты" ЖШС-ның Аса ауылында орналасқан Тараздағы филиалының аумағынан өрт шықты. Жалпы көлемі 480 кубқа тең дизель отыны құйылған екі резервуар өртке оранған, деп хабарлайды Жамбыл ауданының ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Төтенше жағдайлар департаментіне аталған газ өңдеу зауытынан өрт шыққаны туралы хабарлама бүгін сағат 12.04-де келіп түскен. Оқиға орнына 75 қызметкер және 21 техника жіберілген.
Бұдан бөлек, құрамында 7 қызметкер және екі өрт сөндіру техникасы бар үкіметтік емес өрт сөндіру қызметі де зауыт аумағында жұмыс істеген.
Өрт сағат 13.17-де ауыздықталды. Абырой болғанда, қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына мұнау өнімдерін (дизель отыны) қотару кезінде технологиялық процесстің бұзылуы себеп болуы мүмкін.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1939631-zambyl-oblysynda-gaz-ondeu-zauytynyn-aumagynda-ort-boldy/