jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    СҚО-да көктайғақ салдарынан жол апаты болып, бір адам қаза тапты (фото)

    Жол апаты
    Көрнекі фото: "Ақ Жайық" басылымы

    Солтүстік Қазақстан облысында Audi көлігінің 22 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалды. Осылайша, көлік тас жолдан шығып кетіп, аударылып қалды. Көктайғақ салдарынан болған жол апатынан бір жолаушы қаза тауып, үш адам ауруханаға жеткізілді.

    Куәгерлер оқиға орнында түсірілген фотоларды әлеуметтік желіде бөлісіп жатыр. Жол апатының Қызылжар ауданы Новокаменка ауылының маңында болғаны айтылуда.

    Желі оқырмандары жол-көлік оқиғасынан биология пәні мұғалімі қайтыс болғанын жазып жатыр. Қызылжар аудандық полиция бөлімі адам өліміне әкеп соққан апаттың мән-жайын баяндап берді.

    "31 қазан күні сағат 15:00 шамасында Жезқазған-Петропавл автожолының 935- шақырымында Audi маркалы көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, аударылып қалды. Салдарынан үш жолаушы дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді. Жолаушылардың бірі оқиға орнында қаза тапты", - деп келтіреді полиция мәліметін NewTimes.kz.

    ЖКО фактісі Қылмыстық кодекстің "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы" бабында көзделген қылмыстық құқықбұзушылық құрамының белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

    "Оқиға орнына Қызылжар аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы аттанды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары аясында тәртіп сақшылары жол-көлік оқиғасының мән-жайы мен себептерін анықтайды. Бірқатар сараптама тағайындалды", - деді полицияда.

    Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданады.

    СҚО-да көктайғақ салдарынан жол апаты болып, бір адам қаза тапты (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.