Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда жалғызбасты ата-аналарға қашықтан жұмыс істеу құқығы берілуі мүмкін

Опубликовано:

анасы қызы11
Көрнекі фото: pixabay.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында жалғызбасты ата-аналарға ерекше еңбек жағдайларын жасауды ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Президенттің сөзінше, мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі ана мен баланы қолдау.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, әйел адамдар бала күтімімен ұзақ уақыт отырғанда кәсіби қабілетін төмендетіп алады, тіпті жалғызбасты ата-аналарға мұндайда тіпті қиынға соғып жатады, сондықтан оларға ерекше еңбек жағдайы жасалуы керек.

"Әсіресе, жалғызбасты ата-аналарға қиын. Оларға балаларына қарайтын адамды табу қиынға соғып жатады. Сондықтан, оларға ерекше еңбек жағдайын жасау керек. Заңнамалық тұрғыдан жалғызбасты ата-аналар үшін қашықтан жұмыс істеу және қысқартылған жұмыс режимі құқығын қарастырған жөн", - дейді мемлекет басшысы.

Осы орайда президент өз кеңселерінде балалар бөлмесін ашқан ірі шетелдік компанияларды мысалға келтірді.

"Мұндай тәжірбие бізде де қалыпты жағдайға айналуы керек. Ол үшін осы санаттағы қызметкерлердің мүдделерін ескере отырып, еңбек режимін реттеудің тиімді тетіктерін енгізу қажет. Бұл ретте үздіксіз еңбек процесін және соған сай өндірісті қамтамасыз ету де маңызды", - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1942482-qazaqstanda-zalgyzbasty-ata-analarga-qasyqtan-zumys-isteu-quqygy-berilui-mumkin/

pixel