Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үстіне опырылған үйіндінің астында бір апта жатқан өскемендік қария ғажайыптың күшімен аман қалды

Опубликовано:

Тж
Құтқару сәтінен фото: ШҚО ТЖД

Өскемен тұрғыны опырылған үйдің үйіндісінің астында бір апта жатып, ғажайыптың күшімен аман қалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 22 қараша күні құтқарушыларға қоңырау шалған ер адам көршісінің талай күннен бері үйден шықпай кеткенін айтқан.

Хабар алысымен оқиға орнына жедел-құтқару жасағы мен өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері келіпті.

"Жер үйдің төбесі опырылып түсіп, 71 жастағы зейнеткер үйіндінің астында қалған. Бұл жағдайда, жәбірленушінің айтуынша, ол шамамен бір апта болыпты. Ер адамды зембілге абайлап салып, құтқарушылар оны үйден шығарып, жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды. Дәрігерлердің қарауынан кейін зардап шеккен адам ауруханаға жатқызылды", - делінген төтенше жағдайлар департаменті таратқан хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1943415-ustine-opyrylgan-uiindinin-astynda-bir-apta-zatqan-oskemendik-qariya-gazaiyptyn-kusimen-aman-qaldy/

pixel