"Ай сайын өлтіреді": Атырау облысында келіншек мысығын балконға асып қойған

Опубликовано:

Мысық
Көрнекі фото: pixabay.com

Атырау облысы Жылыой ауданының Құлсары қаласында 38 жастағы әйел балконға мысығын асып қойған. Оны көрген көршілері полицияға дереу хабар берген, деп хабарлайды "Ақ Жайық" басылымы.

Үш баланың анасы өз әрекетін түсіндіре алмаған. Басылым дерегінше, ол сабасына түсу үшін әр ай сайын мысықтарды өлтіріп отырады екен.

Полиция Қылмыстық кодекстің 316- бабы ("Жануарларға қатігездік көрсету") бойынша қылмыстық іс қозғады.

Бұл соңғы уақытта жануарларға көрсетілген екінші қатігездік. Өткен аптада балалар күшікті дорбаға салып, тас байлап өзенге лақтырған. Бұл факт бойынша да қылмыстық іс қозғалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1944617-ai-saiyn-oltiredi-atyrau-oblysynda-kelinsek-mysygyn-balkonga-asyp-qoigan/