Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚШ-та этникалық қазақ жол апатынан қайтыс болды

Опубликовано:

Жол
Көрнекі сурет: pixabay.com

АҚШ-тың Сент-Луис қаласында жол апатынан этникалық қазақ Мұхан Тұрдалиев қайтыс болды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Марқұмның қызы Наргиза Тұрдалиева әкесінің жерлеуін өткізу үшін көпшіліктен көмек сұраған. Бір күннің ішінде 27 мың доллардан астам қаражат жиналған.

Оның сөзінше, Мұханның артында әйелі мен үш баласы қалды. Наргиза ер адам өмірінің әрбір минутын отбасын асырау үшін жұмсағанын айтады.

"Мұхан өте әзілқой болатын және мұқтаж жандарға үнемі қолдау білдіретін. Оның күлкісі, дауысы жақындары мен туыстарының жүрегінде сақталып қалады", - деп жазды ол қайырымдылық порталында.

Жергілікті Stltoday жаңалықтар порталының жазуынша, қайғылы оқиға 1 желтоқсан күні болған.

56 жастағы Мұхан Тұрдалиев Volvo маркалы жүк көлігін басқарып келе жатып көпірдің бағанасына соқтығысқан. Ер адам оқиға орнында көз жұмған.

Полиция қызметкерлерінің хабарлауынша, марқұм қауіпсіздік белдігін таққан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1945174-aqs-ta-etnikalyq-qazaq-zol-apatynan-qaitys-boldy/

pixel