Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жылу трассасының жарылуына байланысты жолды бу басты (фото, видео)

Опубликовано:

Алматы жылу трассасы
Оқиға орнынан фото: NUR.KZ/ Владимир Третьяков

Бүгін, 7 желтоқсан күні таңертең Алматыда жылу трассасы жарылды. Салдарынан көшелердің бірін бу басты. Қалалықтар әлеуметтік желіде оқиға орнынан түсірілген видеоларды бөлісіп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Оңтүстік астананың жылуэнергокешені және ТКШ кәсіпорындарының ресми өкілі Ян Гириннің айтуынша, алдын ала деректер бойынша Рысқұлов даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысындағы жылу трассасы жарылған.

"Апат орнына "Алматы жылу жүйесі" ЖШС-нің бригадасы шұғыл аттанды. Мән-жайын анықтап жатырмыз", - дейді ол.

Алматы жылу трассасы
Оқиға орнынан фото: NUR.KZ/ Владимир Третьяков

Жылу трассасындағы апатқа байланысты Алматы полиция департаменті де мәлімдеме жасады.

"Жылу трассасының жарылуына байланысты Рысқұлов даңғылы бойымен Жансүгіров көшесінен Розовая көшесіне дейін батыс бағыттағы қозғалыс жабылды. Шектеу жол төсемдері қалыпқа келгенше сақталады", - дейді полициядан.

Алматы жылу трассасы
Оқиға орнынан фото: NUR.KZ/ Владимир Третьяков

Тәртіп сақшылары қалалықтарды өз бағытын алдын ала жоспарлауға шақырды.

Алматы жылу трассасы
Оқиға орнынан фото: NUR.KZ/ Владимир Третьяков

Ал әкімдік ыстық су беру қалпына келтірілгенін айтты.

"Ыстық су беру жедел түрде қалпына келтірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Жол полициясы көлік қозғалысын реттеп жатыр, қалалықтардан өз бағытын реттеп, аталған учаскені айналып өтуді сұраймыз", - делінген ведомство хабарламасында.

Алматы жылу трассасы
Фото: NUR.KZ/ Владимир Третьяков

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1945618-almatyda-zylu-trassasynyn-zaryluyna-bailanysty-zoldy-bu-basty-video/

pixel