Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда көпқабатты тұрғын үй кешені өртеніп, 170-тен астам адам эвакуацияланды (видео)

Опубликовано:

Алматы өрт
Оқиға орнынан түсірілген видеодан кадр: instagram.com/almaty_tjd

Алматыда өткен түнде "Алтын бұлақ-2" тұрғын үй кешенінен өрт шығып, 177 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Ведомстовның мәліметінше, 11 желтоқсанда сағат 23:58-де ТДЖ күштері мен техникасы жоғары дәрежедегі шақырту бойынша Алмалы ауданы, Брусиловский көшесіндегі 167 үйге аттанған.

00:08-де оқиға орнына келген өрт сөндірушілер 6-7 қабаттағы және 17-18 қабаттағы балконның жанып жатқанын байқаған.

"Оқиға орнында жедел штаб құрылды. Құтқару жұмыстарын жүргізу барысында газ-түтіннен қорғау қызметінің бөлімшелері 177 адамды эвакуациялады, олардың алтауы балалар. Одан бөлек, 27 адам құтқарылды, оның ішінде 5 бала және екі мысық бар", - дейді ТЖД баспасөз қызметі.

Өртті сөндіру үшін 85 қызметкер, 23 бірлік техника жұмылдырылған. Нәтижесінде өрт 01-10-да ауыздықталып, 01-45-те толығымен жойылған.

Өрттен құрбан болғандар жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1946463-almatyda-kopqabatty-turgyn-ui-keseni-ortenip-170-dan-astam-adam-qauipsiz-zerge-sygaryldy/

pixel