Орал тұрғыны Атырауда із-түзсіз жоғалып кетті (фото)
Опубликовано:

Туыстары Атырауда із-түзсіз жоғалып кеткен 39 жастағы Ерболат Кенжеғалиевті іздестіріп жатыр деп, хабарлайды Ақжайық басылымы.
Басылымның мәліметінше, 2 желтоқсанда Атырауға Орал қаласынан нәпақа табамын деп келген ер адам алдымен жалдамалы пәтерге, кейін қонақ үйге орналасқан.
Жақындарына соңғы рет 3 желтоқсан күні хабарласқан. Содан бері телефоны өшірулі тұр.
Ер адамның інісі 8 желтоқсан күні Атырауға келіп, оның жоғалып кеткені жайлы полицияға хабар берген.
"Ол Атырауға күзетші болып жұмысқа орналасамын деп кеткен. Қонақ үйде бірге тұрғандардың айтуынша, олар 4 желтоқсан күні таңертең бір компанияға әңгімелесуге шыққан, кейін түсінгенімдей, бірге ішімдік ішкен, бір подъезде түнеген. Менің ағамның қайда кеткенін естеріне түсіре алмай отыр", - дейді Ерболат Кенжеғалиевтің бауыры.
Ол ағасы арасында ішімдік ішкенімен, жоғалып кетпейтінін баса айтты.
Басылымның ақпарынша, полиция Ерболат Кенжеғалиевті іздеу жұмыстары жалғасып жатқанын хабарлаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1946777-oral-turgyny-atyrauda-iz-tuzsiz-zogalyp-ketti/