Семейде көлік жырадан құлап кетіп, бір адам көз жұмды

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: Pexels/Pavel Danilyuk

Семейде көлік жырадан құлап кетіп бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құзырлы органның мәліметінше, оқыс жағдай 21 желтоқсанда болған.

Ішінде адамдар бар Toyota көлігі жырадан Есіл өзеніне құлап кеткен. Салдарынан бір қыз көз жұмған. Ол іште қалып қойған. Кейін оның денесін құтқарушылар алып шыққан.

Ал салонда болған тағы бір адам өздігінен шығып үлгерген.

Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті аталған факті бойынша қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатқанын мәлімдеді.

Одан бөлек, сот сараптамасы тағайындалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1947952-semeide-zantursigerlik-zol-apaty-bolyp-kolik-zyradan-qulap-ketti/

jitsu gif