Павлодар облысында мас әйел күйеуімен үйге келіп, қызына қол көтерген

Опубликовано:

Ұрыс
Көрнекі фото: Pexels/Liza Summer

Павлодар облысында үлкен қызының үйіне азаматтық некедегі күйеуімен бірге келген әйел жанжал шығарып, перзентінің бетінен ұрған. Осыдан кейін зардап шегуші полиция шақырған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі өңірдегі полиция департаментіне сілтеме жасап.

Жанжал Успен ауданындағы ауылдардың бірінде туған анасы мен қызының арасында болған. Келіншек полицияға кешкі уақытта хабарласып, анасы мен өгей әкесінің шу шығарғанын айтқан.

"Олар мас күйде болды, бұл әрине, маған ұнамады, өйткені үйде кішкентай балалар бар еді. Мен ата-анама өзімнің наразылығымды білдірдім. Оған жауап ретінде анам бейәдеп сөздер айтып, мені бетімнен ұра бастады. Өгей әкем де қарап қалмай, мені балағаттады", - дейді қыз тәртіп сақшыларына.

Оқиға орнына барған полиция қызметкерлері туыстарын сабырға шақырған. Ал қызына қол көтерген анаға қатысты екі әкімшілік хаттама толтырылған.

Полиция департаментінің мәліметінше, материалдар шешім қабылдау үшін сотқа жіберілген.

Еске сала кетсек, бұған дейін Павлодар облысы Ақсу қаласының 72 жастағы тұрғыны жанжал шығарып, өзіне тіл тигізген ұлының үстінен полицияға шағым түсіргенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1947955-pavlodar-oblysynda-mas-aiel-kuieuimen-uige-kelip-qyzyna-qol-kotergen/

jitsu gif