Таразда пойыз төбесінде селфи жасамақ болған жасөспірім көз жұмды

Опубликовано:

Фото
Оқиға орны. Видеодан кадр: ВТВС | В Таразе всегда солнечно Telegram каналы

Әлеуметтік желіде пойыз вагонының төбесіне мініп, селфи жасамақ болған тараздық жасөспірімнің тоқ соғып, қайтыс болғаны туралы ақпарат тарап жатыр. Қайғылы оқиғаға қатысты ІІМ көліктегі полиция департаменті пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әлеуметтік желіде оқиға орнында түсірілген видеолар жариялануда. Куәгердің хабарлауынша, жасасөпірім селфи жасау үшін пойыз вагонының төбесіне шыққан.

Салдарынан кәмелетке толмаған баланы тоқ соғып, ол оқиға орнында көз жұмған.

ІІМ көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, аталған фактіні Тараз станциясы желілік полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 334-бабы 2-бөлігі бойынша (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан темір жол көлігіндегі қауіпсіздік ережелерін бұзу) тіркеуге алған.

Қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталуда. Ведомство тергеу мүддесіне сәйкес басқа ақпарат жария етілмейтінін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1948668-tarazda-poiyz-tobesinde-selfi-zasamaq-bolgan-zasospirim-koz-zumdy/

jitsu gif