Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да жаңа жылдың бірінші күні жол апатынан алты адам қаза тапты, оның біреуі - бала

Опубликовано:

1
Фото: БҚО ПД

БҚО-да жаңа жылдың 1 қаңтарында соңы қайғылы жағдайға ұласқан үш жол апаты болды. Салдарынан бір күннің ішінде алты адам қаза тапты, оның біреуі- кәмелет жасқа толмаған бала. Бұл туралы өңірлік ПД ресми Instagram парақшасы хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Құқыққорғаушылар дерегіне сүйенсек, зардап шеккен басқа адамдар ауруханаға түскен, ал бір бала комада жатыр.

Полицейлер жалпы үш қайғылы жағдайға қатысты ақпарат берді. Оның алғашқысы Оралдағы Желтау (Свистун гора) ауданында болған. Жол апаты салдарынан кәмелет жасқа толмаған бала комаға түскен.

Ал екінші жол-көлік оқиғасы "Самара- Шымкент" тас жолының 313-шақырымында болған, онда Toyota Land Cruiser Prado мен "ВАЗ-2112" соқтығысқан. Бұл оқиғадан бес адам қаза тапты, зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.

Ал үшінші жол апаты Деркул ауылының маңындағы айналмалы жолда болған. Онда Hyundai Santa Fe мен Volkswagen Polo автокөліктері соқтығысқан. Жол апаты салдарынан аурухағаға бара жатқан жолда 2012 жылы туған бала қаза тапты. Ол есін жимастан қайтыс болды.

Барлық жағдайдың мән-жайы мен себебі анықталып жатыр. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеуде. Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

"Марқұмдардың жақындары мен туыстарына қайғырып көңіл айтамыз",- делінген хабарламада.

Одан бөлек, полицейлер ауа райының қолайсыздығына байланысты көлік иелерінен рөлге отырмауды, қаладан шықпауды сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1949602-bqo-da-zana-zyldyn-birinsi-kuni-zol-apatynan-alty-adam-qaza-tapty-onyn-bireui-bala/

pixel