Алматыда митингке шыққандар полиция қызметкерін соққыға жықты

Опубликовано:

Полицей
Көрнекі фото: piqsels.com

Алматыдағы Республика алаңына жиналғандардың саны 1000-нан асады. Олардың ішінде бір топ адам полиция қызметкерін соққыға жықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан оқиға орнынан.

Sputnik Қазақстан тілшісінің хабарлауынша, наразылық білдірушілер алаңға келе сала тәртіп сақшыларына қар мен бөтелке лақтырған. Митингке шыққандардың бір бөлігі оларды тоқтатпақ болды, алайда тоқтата алмады. Жастар қоршауды бұзып, әрі қарай полицейлердің шебін ығыстыра бастады. Тәртіп сақшылары тек қорғанумен болып, қарсы әрекетке бармады. Наразылық білдірушілер күш құрылымдары қызметкерлерін Назарбаев көшесіне дейін ығыстырды. Ол жерде де полиция шебі тұрды.

Дәл сол жерде жарық-шу гранаталары мен көзден жас ағызатын газы бар гранаталар қолданылды. Газ бірнеше минут ішінде алаңға тарады. Наразылық білдірушілер жан-жаққа қашқан кезде бірнеше полиция көлігін талқандады. Жиналғандардың бір бөлігі Желтоқсан көшесіне, енді бір бөлігі Байсейітова көшесі арқылы Абай даңғылына, тағы бір бөлігі Достық даңғылына қарай кетті.

Қала әкімдігінің ғимаратын полицейлер, жедел әрекет ету жасағы мен арнайы жасақ қызметкерлері қоршап тұр.

Қазір адамдар саны азайды.

Кей ақпараттарға сенсек, Алматының Республика алаңында бірнеше полиция көлігі өртенген, деп жазады Zakon.kz. Митингке шыққандардың бірі "Астана" алаңына қарай төмен түсуде. Республика алаңындағы тәртіпсіздіктер тоқтатылды.

Наразылық білдірушілер дүкендер мен мейрамханалардың сөрелерін қиратуға тырысуда. Кемінде бір сөренің сындырылғаны туралы хабарланды.

Тәртіп сақшылары мұндай әрекеттердің алдын алып, наразылық білдірушілердің қысымына төтеп беруге тырысып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1949763-almatyda-mitingke-syqqandar-policiya-qyzmetkerin-soqqyga-zyqty/

jitsu gif