Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда террористер Бақытжан Сағынтаевқа оқ жаудырды

Жарияланған күні:

сағынтаев
Бақытжан Сағынтаев. Фото: kstnews.kz

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қаладағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде оққа ұша жаздады. Қаруланған бұзақылар оның автокөлігіне оқ жаудырған. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бабақұмаровтың сөзінше, аталған жайт 6 қаңтарда орын алған.

"Өлтіруге әрекет жасау, әсіресе кенеттен тікелей оқ ату - әр адам үшін ауыр жайт. Әкім ауырып жүргендіктен, бұл күндер оған оңайға түспеді. Ол жақында ғана коронавирус жұқтырып алған еді. Бастапқыда тәртіпсіздіктерге шақырған үндеулер айтыла бастаған уақытта, яғни 4 қаңтар күні-ақ ол жедел отырыс ұйымдастырып, қалалық жедел штабқа төрағалық етті. Қызуы көтерілгеніне және ауырып жүргеніне қарамастан, ол әкімдіктегі қызметкерлер мен қарулы күштердің іс-әрекетін үйлестірді. Жұмысқа дәрі салынған қобдишасын алып жүрді. Бұл қасиеттер жауапкершілігі мол, ары мен міндеті алдында адал адамдарға тән", - деп мәлімдеді Бабақұмаров.

Оның айтуынша, Бақытжан Сағынтаев отырған автокөлік Назарбаев көшесімен солтүстікке қарай жүріп бара жатқан. Әкімдік ғимаратына Сәтбаев көшесіне жетпей бұрыла бергенде оқ атыла бастаған. Алматы әкімі отырған көлік оқиға орнынан сытылып үлгерген.

Бақытжан Сағынтаев жарақат алмаған. Алайда әкім көлігінің соңында келе жатқан көліктегі Алматы телеарнасының жүргізушісі оққа ұшып, қаза болды. Одан бөлек, әкімдіктің екі қызметкері жарақат алды. Оның бірі - спорт басқармасының басшысы Рустам Байсейітов, екіншісі - Дін істері басқармасының басшысы Нұрлан Кикимов. Оларға ота жасалған, жағдайы тұрақты деп бағалануда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1950135-almatyda-terrorister-baqytzan-sagyntaevqa-oq-zaudyrdy/