Алматыда белгілі косметикалық дүкенді тонағандар Атырауда ұсталды
Жарияланған күні:
Атырауда Алматыдағы дүкенді тонап кеткен үш адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атырау стансасындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері 12 қаңтарда "Алматы-Атырау" пойызынан түскен жолаушылардың сөмкесін тексерген.
"Жолаушылардың сөмкелерін тексеру кезінде Ақтау қаласының 3 тұрғынынан Алматы қаласындағы Mon Amie дүкенінің тауарлары табылды. Бұл – 30 дана әтір суы, 55 дана косметикалық бұйым. Тексеру іс-шарасы теміржолдың күзет фирмасы мен Ұлттық ұлан әскери бөлімінің қызметкерлерімен бірге жүзеге асырылды.
Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 191-бабының 3-бөлімінің 3) тармағымен қылмыстық іс қозғалды. Қазір ұсталғандарға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Атырау стансасындағы желілік полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімшесінің бастығы Мейірбек Өтеғали.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1951043-almatyda-belgili-kosmetikalyq-dukendi-tonagandar-atyrauda-ustaldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.