"Көтере алатын заттың бәрін алған": Алматыда интернет-дүкенді тонаған үш жігіт ұсталды

Опубликовано:

Ұры
Көрнекі фото: Polisia.kz

Алматы полициясы интернет-дүкенді тонаған үш жігітті ұстады деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаппай тәртіпсіздік кезінде белгісіз біреулер Гоголь көшесінде орналасқан интернет-дүкеннің кеңсесіне кіреберіс есігін бұзып кіріп кеткен. Олар көтере алатын заттың бәрін алған.

Жеңіл ақшаға құмар болған үш жігіттің ең үлкені – 30 жаста. Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы бұған дейін де бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін сотталған.

Ал Шығыс Қазақстан облысының 23 жастағы тумасы мен 22 жастағы алматылық азаматтың алғаш рет қылмыс жасағаны анықталды.

Күдіктілерді ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері ұстады. Тінту кезінде екі ноутбук, үш бу тазалағыш, екі күртеше, спорттық костюм және басқа да тауарлар тәркіленді.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс тергелуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1951975-kotere-alatyn-zattyn-barin-alganalmatyda-internet-dukendi-tonagan-us-zigit-ustaldy/

jitsu gif