Шымкентте әйелді пышақтап өлтірді деген күдікпен екі жігіт ұсталды

Опубликовано:

1
Фото: Polisia.kz

Шымкентте әйелді пышақтап өлтірді деген күдікпен Түркістан облысының екі тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

17 қаңтарда Абай ауданының полиция басқармасына "1 мамыр" көшесі бойында орналасқан үйлердің біріндегі пәтерден қыздың мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы мәйіттің 28 жастағы әйелге тиесілі екенін анықтаған. Мәйітті қарау кезінде пышақ жарақаттары байқалған.

Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Жедел-іздестіру шаралары барысында 18 және 19 жастағы Түркістан облысының тұрғындары анықталып, ұсталды.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта жайт бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1952332-symkentte-aieldi-pysaqtap-oltirdi-degen-kudikpen-eki-zigit-ustaldy/

jitsu gif