ШҚО-да болған жол апаты 4 адамның өмірін қиды

Опубликовано:

Трасса
Көрнекі фото: pixabay.com

Шығыс Қазақстан облысында жантүршігерлік жол апаты болып, салдарынан 4 адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл ақпаратты Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаменті растады.

Ведомство мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 19 қаңтарда 13:00 шамасында "Омбы-Майқапшағай" тасжолында, Жарма ауданының аумағында болған.

Тасжолда келе жатқан Kia Rio мен Mitsubishi маркалы автокөліктер бетпе-бет соқтығысты.

Салдарынан Kia Rio көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы және Mitsubishi көлігінің бір жолаушысы оқиға орнында қаза тапты.

Сонымен қатар, Mitsubishi-дің жүргізушісі мен екі жолаушысы көптеген дене жарақаттарымен ауруханаға түсті.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігіне ("Абайсызда екі немесе одан да көп адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерінің бұзылуы") сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1952376-sqo-da-bolgan-zol-apaty-4-adamnyn-omirin-qidy/

jitsu gif