Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістанда Алматыдағы дүкенді тонады деген күдікпен өскемендік екі ер адам ұсталды

Жарияланған күні:

зат
Күдіктілерден тәркіленген зат. Фото: Polisia.kz

Алматыдағы дүкендерді тонады деген күдікпен Түркістанда өскемендік екі ер адам ұсталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Түркістан қаласының ПБ-ның криминалдық полиция қызметкерлерінің назарына Өскеменнен келген екі ер адам іліккен. Күдіктілер Кентау қаласындағы қонақ үйлердің бірінде тоқтаған.

Күдіктінің біреуі ұрлаған заттарын Түркістандағы ломбардтың біріне өткізіп жатқан жерінен ұсталған. Бұл туралы Түркістан облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Асылжан Қалдарбеков айтты.

"Ер адамның бұған дейін қарақшылық жасағаны үшін істі болғанын анықтадық. Күдіктінің сөзінше, ол досымен бірге Алматыға 5 қаңтарда келген. Тәртіпсіздік кезінде Kcell және Activ дүкендерінің бірін тонап, бес Samsung телефонын, екі сымсыз құлаққап және Apple watch смарт-сағатын алып кеткен.

Материалдық шығын 1 000 000 теңгеге тең. Артынша қылмыстық жауапкершіліктен қашып құтылу мақсатында үйлеріне қайтып кеткен. Үш телефонды Өскеменде сатып, түскен ақшаны өздеріне қажетті заттар алуға жұмсап үлгерген. Содан кейін барлық аймақта блок-бекеттердің алып тасталғанын пайдаланып, таксимен Түркістан облысына келген. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 188-ші ("Ұрлық") бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарды жүргізілуде.

Күдіктілер қамауға алынды. Заттай дәлел ретінде ұрланған заттың бір бөлігі тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары барысында біз осы қылмыстың толық көрінісін анықтаймыз", - дейді Асылжан Қалдарбеков.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1953101-turkistanda-almatydagy-dukenderdi-tonady-degen-kudikpen-eki-er-adam-ustaldy/