Атырау облысында жантүршігерлік жол апатынан 2 бала мен 3 ересек адам көз жұмды
Опубликовано:

Атырау облысында жантүршігерлік жол апатынан 5 адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жол-көлік апаты бүгін, 28 қаңтарда сағат 16:00 шамасында болған.
Атырау облысының Доссор кентінен Маңғыстау өңіріндегі Бейнеу ауданы бағытына қатынайтын тас жолдың 71-шақырымында екі көлік соқтығысқан.
Оның бірі – Өзбекстан Республикасында тіркелген "MAN" маркалы жүк тасымалдайтын, ал, екіншісі – Алматы облысының тұрғынына тиесілі "Toyota Camry" маркалы жеңіл көлік.
"Жол-көлік апатының салдарынан "Toyota Camry" көлігінің жүргізушісі мен 4 жолаушысы оқиға орнында мерт болды. Көз жұмғандардың екеуі – кәмелет жасына толмаған жасөспірім", -деп мәлім етті баспасөз қзыметінен.
Қазір полиция қызметкерлері жол-көлік апатын болған орнында тергеп-тексеру амалдарын жүргізуді бастады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1953584-atyrau-oblysynda-zantursigerlik-zol-apatynan-5-adam-qaza-tapty/