Шымкентте пәтерден үш адамның денесі табылды

Опубликовано:

Жедел жәрдем
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Шымкент қаласы әл-Фараби ауданындағы пәтерлердің бірінен үш адамның денесі табылды. Алдын ала болжам бойынша, олар улы газдан уланып көз жұмған, деп хабарлайды Otyrar.kz.

Басылымның мәліметінше, 30 қаңтар күні, күннің екінші жартысында 103 нөміріне қоңырау түскен.

Оқиға онына жедел-құтқару жасағаның қызметкерлері аттанған. Құтқарушылар арнайы құралдардың көмегімен сыртқы есікті ашқан.

Пәтерден 1978, 1957 және 1979 жылы туған үш адамның денесі табылған. Алдын ала болжам бойынша марқұмдар улы газдан уланып қалған.

"Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Оқиға орнына 8 қызметкер мен 2 техника жіберілді", - дейді Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінен.

Еске сала кетсек, бұған дейін Степногорск қаласында пәтерден дене жарақаттары бар 57 жастағы тұрғынның денесі табылған болатын.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп күдіктіні ұстады.

Анықталғандай марқұм мен күдікті бірге ішімдік ішіп, салдарынан жанжал туындап, соны осылайша қайғылы жайтпен аяқталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1953736-symkentte-paterden-us-adamnyn-denesi-tabyldy/

jitsu gif