Алматының орталығынан қару-жарақ арсеналы табылды (видео)
Опубликовано:

Алматының орталығынан жаппай тәртіпсіздіктер кезінде жасырылған қару-жарақ арсеналы табылды деп хабарлайды ІІМ ресми сайты Polisia.kz.
Қойманың қаңтар айының басында қалада болған дүрбелең ошағынан табылғаны белгілі болды.
"Жедел іс-шараларды жүргізу барысында “Самал” ықшамауданындағы Мемлекеттік мұражайдың жанынан қызметтік-іздеуші ит арсенал қоймасын тапты. Жасырылған жерден травматикалық қарулар мен гранаталар тәркіленді.
Жақын жердегі қоқыс жәшігінен патрондар табылды: 12 калибрлі – 19 дана, 7,62 калибрлі – 7 дана, 5,45 калибрлі – 4 дана. Оқ-дәрілердің тиесілігі тексеру барысында анықталады", – дейді Медеу аудандық Полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1954729-almatynyn-ortalygynan-qaru-zaraq-arsenaly-tabyldy-video/