Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өз сүйіктісін қызғанған Орал тұрғыны ауыр қылмыс жасады

Опубликовано:

Кісенделген ер адам
Көрнекі фото: Hendrik Schmidt/picture alliance via Getty Images

7 ақпан күні БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауднаралық сотта кісі өліміне қатысты істің үкімі шығарылды,. Сотталушылар орындығына 34 жастағы Виталий Туренко отырды, деп хабарлайды mgorod.kz.

Іс материалдарында 2020 жылдың 3 қыркүйегінде Туренковтің бірге тұратын сүйіктісі дүкенге кеткені, ал ол балконда бақылап тұрғаны айтылады. Осы уақытта көлік жанында төрт азамат тұрған, олар қызбен танысқысы келген. Ал бойжеткен оларға келіспей, алкогольді сусын алып, кетіп қалған.

Мұны көрген сотталушы ас үй пышағын алып, дауласуға шыққан. Ақырында ол ер адамдардың бірін жұдырықпен ұрып, екіншісінің жүрегіне пышақ сұғып алған. Алған жарақатынан ер адам оқиға орнында мерт болды.

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданарлық сот судьясы Туренковтің осыған дейін бұзақылық жасау мен қоқан-лоққы көрсету бойынша бес рет істі болғанын атап өтті.

"Сот Виталий Туренковты Қылмыстық кодекстің 99-бабы "Кісі өлтіру" бойынша кінәлі деп танып, төтенше қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесінде жазасын өтей отырып, 14 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады", - деп үкімді Бақыт Ермаханов оқып берді.

Сондай-ақ, сот сотталушыдан 2,6 млн теңге материалдық, 10 млн теңге моральдық өтемақы өндіріп алу туралы шешім қабылдады.

32 жастағы марқұмның артында әйелі мен кәмелетке толмаған төрт баласы қалды. Ол автоқызметте басқарушы болып жұмыс істеген.

"Сол күні ол достарымен серуендеуге кеткен. Біз ол 12-де үйге келеді деп келіскенбіз. Ол жай қасында тұрған соң өліп кетті. Ешкіммен таныспаған",- деді марқұмның әйелі Айкөркем Қуаныш.

Зардап шегуші 15 күннен кейін заңды күшіне енетін үкімге келісті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1955165-oz-suiiktisin-qyzgangan-oral-turgyny-auyr-qylmys-zasady/

pixel