Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бақауовтың көлігі": Павлодар облысында Lexus қатысуымен болған оқиғаның видеосы жарияланды

Опубликовано:

Сотталған экс-әкім Болат Бақауов мәжбүрлі жұмыстан босатылды
Болат Бақауов. Фото: instagram.com/pavlodar_region

14 ақпан күні шамамен кешкі сағат 7-лер шамасында Павлодар-Қызылорда тасжолының бойында жол-көлік оқиғасы орын алды. Полиция мәліметінше, жол талғамайтын көлік жүргізушісі апатқа себепкер болған. Әлеуметтік желілерде тараған оқиға орнынан түсірілген кадрларда көліктердің бірінде Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауов болғаны айтылады. Оның бет-әлпеті көрінбесе де, сыртқы түрі мен дауысы ұқсас екенін көпшілік жазуда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Аймақтың полиция департаментінің ақпаратына сәйкес, Lexus LX 470 автокөлігінің 44 жастағы жүргізушісі Павлодар-Қызылорда тасжолымен келе жатқанда жол ережесін сақтамаған.

Нәтижесінде Байет ауылының аумағында келе жатқан көлікке жол бермей, рөлде 45 жастағы ер адам болған Lexus LX 570-пен соқтығысады.

Lexus LX 470 автокөлігі Lexus LX 570-ке соқтығысқаннан кейін бағытын өзгертемін деп 33 жастағы жүргізуші тізгіндеген "ГАЗель"-ге барып соғылады.

Апаттың қалай болғанын жол-көлік оқиғасы орнынан тараған видеода ер адам тура осылай баяндайды.

"Сен келе жатырсың, біз сенің артыңнан келе жатырмыз. Артымыздан басқа джип келе жатыр. Біз ол көлікті айналып өтеміз, джип те қалыспайды. Біз оны соғамыз, ол сырғи жөнеледі. Біздің көлігіміз айналып барып сенің көлігіңді соқты", – дейді жол-көлік оқиғасына қатыса бардың бірі.

Видеоға берілген сипаттамада жол талғамайтын көліктердің бірінде шамамен бұған дейін істі болған Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауов болғаны айтылады.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, апат орнынан Екібастұз қалалық ауруханасына 33 жастағы ер адам жабық бас сүйек-ми жарақатымен және оң жамбас жарақатымен жатқызылған. Полиция бұл "Газель" жүргізушісі екенін айтты.

Қазір аталған факт бойынша тәртіп сақшылары тексеру жүргізуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1956180-baqauov-zol-apatyna-tusti-pavlodar-oblysynda-lexus-qatysuymen-bolgan-oqiganyn-videosy-zariyalandy/

pixel