Жүзге жуық көлікті бораннан жаяу алып шыққан полицейлер елді тәнті етті (видео)
Жарияланған күні:
Павлодарлық полицейлер боранда жолда қалған жүргізушілерді құтқарды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысы ПД бастығы Василий Склярдың атына бұрқасынның салдарынан жолда қалып қойған жүргізушілерден бірнеше алғыс келіп түсті.
Бұл оқиға туралы Полиция басқармасы жүргізушілердің өтінішінен кейін ғана білген.
"Қыста саяхатшы үшін ең жаман нәрсе – қатты боранда жолда қалу. Дәл осындай жағдайға біз, яғни жүргізушілер 15 ақпанда Павлодар-Нұр-Сұлтан автожолында Төрт-Құдық кентінің маңында тап болдық.
Алдымызда боранды қамал тұрғандай болды, тіпті қол созым жерде не болып жатқаны көрінбеді. Колоннада 100-ге жуық автокөлік, ауыр жүк және жеңіл көліктер де болды. Бір сәтте бәріміз тоқтадық, себебі қозғалудың мәнін көрмедік", – деп жазады Ресей Федерациясы Омбы қаласының тұрғыны Данияр Сағындықов.
Нұр-Сұлтан қаласынан шыққан тағы бір жүргізуші Павлодар-Нұр-Сұлтан автожолында жол көрінбегенін айтты.
"Бақытымызға орай, осы уақытта Павлодар облысының патрульдік полиция ротасының қызметкерлері – Қуандық Рахметов пен Біржан Нажимов өз учаскелерін патрульдеп жүрген екен. Олар барлығымызды тыныштық сақтауға шақырып, алаңдамауды сұрады.
Содан кейін, полицейлердің біреуі бүкіл бағанның алдында жүгіріп отырса, ал екіншісі маяктарды қосып, көру аймағы пайда болғанша тас жолмен бізді алға жетеледі. Олардың қар кептелісіне түскен автокөліктерге қиындықтан шығу шешімін тауып, жол көрсетті, сонысымен мына біздерге тигізген көмектері зор болды", – дейді жүргізуші Вячеслав Васильевич.
Сонымен бірге, Toyota Camry көлігін тізгіндеген жүргізуші де көмек қолын созған полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.
"Бұл ауданда патрульдік полиция қызметкерлерінің осы кезде патрульдеу жүргізгендері қандай жақсы болды. Балалар келіп, күректердің көмегімен біздікінен басқа тағы 4 автокөлікті қазып алуға көмектесті, арқансымды жалғап, көлікті үйінділерден тартып шығарды. Осы уақытта, көліктің артындағы жолда кептеліс пайда болды, 20-дан астам көлік жиналды. Бірақ кептелістен құтылғанымен, көліктер жүре алмады, өйткені олардың алдында ақ түтек боран болды", – деп жазады жүргізуші.
Осылайша, полиция қызметкерлері баяу, бірақ нақты әрекетпен, ұзын- сонар бағанды боран құрсауынан аман шығарып, Шідерті ауылына дейін еріп жүру арқылы жеткізген.
"Қиын жағдайға тап болған, біздің көмегімізге мұқтаж азаматтарға көмектесу – бұл әрбір полицейдің бірінші кезектегі міндеті", – деп санайды павлодарлық полицейлер.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1956551-zuzge-zuyq-kolikti-borannan-zayau-alyp-syqqan-policeilerge-zurgizusiler-algys-aitty-video/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.