АҚШ-та Қазақстан азаматшасы оқ жарақатынан қайтыс болды
Жарияланған күні:
![Такси Такси](https://cdn.nur.kz/images/1200x675/ac50dd6f5db6409a.jpeg)
АҚШ-та Қазақстан азаматшасы оқ тиіп, қаза болған. Бұл ақпаратты еліміздің Сыртқы істер министрлігі растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Осы жылдың 16 ақпанында Миннесота штатының Сент-Пол қаласында Қазақстан Республикасының азаматы белгісіз жағдайда қаза тапты. Жергілікті полиция берген ақпаратқа сәйкес, отандасымыз өз көлігінде оқ жарақатынан көз жұмған", - дейді министрліктен.
Ведомствоның мәліметінше, полиция осы оқиға бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Қылмыс жасады деген күдікті қамауға алынған.
"Қазақстан Республикасының консулы марқұмның туыстарымен тұрақты байланыста", - деп қосты ведомстводан.
Қазақпараттың мәліметінше, оқ жарақатынан мерт болғандар туралы ақпарат тарататын gunmemorial сайтында қайтыс болған азаматшаның 34 жастағы Юлия Ли екендігі айтылған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1957133-aqs-ta-qazaqstan-azamatsasy-oq-zaraqtynan-qaitys-boldy/