Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бір адам қаза тапты": Ақтөбедегі "СТО-да" жарылыс болды (фото, видео)

Опубликовано:

Фото
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Ақтөбе қаласындағы техникалық қызмет көрсету станциясында жарылыс болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 22 ақпан күні сағат 4:11-де ТЖД мамандарына "Альтаир" жанармай құю станциясының жанып жатқаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына дереу Ақтөбе қаласының өрт сөндірушілері мен құтқарушылары жіберілген.

Оқиға орнына өрт сөндіру қызметкерлері келгенде "Альтаир" техникалық қызмет көрсету станциясында газ-ауа қоспасының жарылғаны анықталған.

Салдарынан ауданы 600 шаршы метр болатын ғимарат құлап, ТҚКС ішінде және жанында тұрған 11 көлікке зақым келген.

Жарылыс
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

"Алдын ала ақпарат бойынша жарылыс автомобильдің газ-баллон жабдығынан шыққан газ-ауа қоспасының жиналуы нәтижесінде орын алған", - дейді ТЖ министрлігінен.

Одан бөлек, ТЖМ оқиға болған сәттен бастап жоғалған күзетшіні іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілгенін, іздеу жұмыстары нәтижесінде оның денесі үйіндінің астынан табылғанын мәлім етті.

Жарылыс
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Осыған байланысты, Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау керктігін ескертті.

Қазір оқиға орнында Ақтөбе облысы ТЖД 136 қызметкері мен 16 техникасы, сондай-ақ, жергілікті атқару органдарының 2 техникасы жұмыс істеуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1957231-bir-adam-qaza-tapty-aqtobede-zanarmai-quyu-stanciyasynda-zarylys-boldy/

pixel