Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақстан халқына" қоры қаңтар оқиғасында қаза тапқандар мен жараланғандардың жанұясына көмек көрсетеді

Опубликовано:

Алматыдағы тәртіпсіздіктер
Өртенген Алматы әкімдігі. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

"Қазақстан халқына" қоры қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқандар мен жараланғандардың отбасыларына материалдық көмек көрсетеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Халқына" қоғамдық қорының қамқоршылық кеңесі 25 ақпанда өткен отырыста қаңтар айында орын алған оқиғалар кезінде қаза тапқан және ауыр жараланған әскери қызметшілердің отбасыларына, ішкі істер және Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ кездейсоқ құрбан болған азаматтардың отбасыларына, қаза тапқан және жараланған балалардың отбасыларына берілетін материалдық көмек мөлшері туралы шешім қабылдады", - дейді қордың баспасөз қызметі.

Қордың мәліметінше, оқиға кезінде қаза болған әскери қызметшілердің, ішкі істер органдары мен Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің, азаматтық тұлғалардың әрбірінің отбасына 7 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетіледі.

Ауыр жарақат алған әскери қызметшілерге, ішкі істер және Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ жараланған балалардың отбасыларына 3 млн теңгеден бөлінеді.

Сондай-ақ, қор қаза тапқан әскери қызметшілердің, ішкі істер органдары қызметкерлерінің, Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің отбасыларына, кәмелетке толмаған балалары қайтыс болған азаматтарға қосымша қайырымдылық көмек көрсету мәселесі бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.

"Қазақстан халқына" қоғамдық қоры қаңтар айындағы оқиғалар кезінде қаза тапқандардың, сондай-ақ жарақат алғандардың отбасыларына көңіл айтады. Бұл жақынынан айырылған, жараланған әрбір адам үшін үлкен қасірет. Еліміз қайғылы оқиғадан кейін тиісті қорытынды шығарып, халқымыздың бірлігі нығая түседі және осы жағдай енді қайталанбайды деп сенеміз. Ешбір ақшалай төлем ет бауыр жақынның орнын толтыра алмайтынын түсінеміз", - делінген қордың мәлімдемесінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1958392-qazaqstan-xalqyna-qory-qantar-oqigasy-kezinde-qaza-tapqandar-men-zaralangandardyn-otbasylaryna-komek-korsetedi/

pixel