Атырау облысының Теңіз кентінде алапат өрт болды (видео)

Опубликовано:

Өрт
Видеодан кадр: instagram.com/atyrau

Теңіз кентіндегі ашық алаңда өндірістік шламдар өртенді. Алдын ала дерекке сүйенсек, жалын 200 шаршы метр аумақты қамтыған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атырау облысы Жылыой ауданы Теңіз вахталық кентінде кәсіпорынның ашық алаңында өндірістік шламдар - мұнай өнімдерінен тұратын күрделі физика-химиялық қоспалар өртенді. Куәгерлердің бірі түсіріп алған ТЖ видеосы Атырау қаласының Instagram топтарының бірінде жарияланған. Онда өрттің бүгін 1 наурыз күні сағат 16:40- да басталғаны айтылады.

ТШО өрт-апаттық қызметінің алдын ала дерегіне сәйкес, жалын 200 шаршы метрді қамтыған. ТЖД баспасөз қызметі оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ екенін мәлімдеді. Қазір өрт сөндіру жұмысына ТШО ӨАҚҚ 17 жұмысшысы мен 4 техника бірлігі, "COCR" ЖШС 6 жұмысшысы мен 2 техника бірлігі жұмылдырылды.

"Қазір Құлсары қаласынан Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің (Құлсары қаласынан 90 шақырым) 10 жұмысшысы мен екі техника бірлігі жіберілді. Қызметкерлер оқиға орнына жеткен соң қосымша ақпарат беріледі",- деді Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1958712-atyrau-oblysynyn-teniz-kentinde-alapat-ort-boldy-video/