Алматы облысында Lexus тізгіндеген 22 жастағы жігіт келіншекті қағып өлтірді
Жарияланған күні:
Алматы-Бішкек тас жолында жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан жас әйелді Lexus көлігі қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы бейнетіркегішке түсіп қалды. Алматы облысының полиция департаменті автокөлік жүргізушісі қамауға алынғанын жеткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Психикасы тұрақсыз адамдарға және 18 жасқа толмағандарға көруге болмайтын бейнежазба әлеуметтік желілерде тарап кетті.
"Әйел адамды Қасымбек көшесіне бұрылыс кезінде қағып кетті. Бұл бірінші рет емес. Жаяу жүргіншіге арналған жол болғанымен, жүргізушілер қатты жылдамдықпен жүріп, тоқтамай өтіп кетеді. Биліктегілер осы жағдайға назар аударып, тиісті шараларды қолға алса екен. Патруль ұйымдастыру қажет", - делінген жазбада.
Алматы облыстық полиция департаменті 1 наурыз күні Жамбыл ауданында жаяу жүргіншіні қағып кеткенін хабарлады. Жол апатынан 30 жастағы әйел көз жұмды.
"Көлік Алматы-Бішкек тас жолының 44 шақырымында жас әйелді қағып кетті. Әйел жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп, 22 жастағы жігіт басқарған Lexus GS300 көлігі соғып кетті. Ауыр жарақат алған жәбірленуші ауруханаға жатқызылып, кейін ауруханада қайтыс болды. Шетелдік көліктің жүргізушісі қамауға алынды. Автокөлік тәркіленіп, арнайы тұраққа қойылды", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Жол-көлік оқиғасына байланысты сараптама тағайындалып, Қылмыстық Кодекстің 345-бабы 3-бөлігі (абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы) бойынша тергеу басталды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1958832-almaty-oblysynda-lexus-tizgindegen-22-zastagy-zigit-kelinsekti-qagyp-oltirdi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.