Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да жеңіл көліктер тиеген ауыр техника аударылып қалды

Опубликовано:

Көлік
Фото: Хабар 24

БҚО-да жеңіл көліктер тиеген ауыр техника аударылып қалды, деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

Оқиға "Орал-Атырау" тас жолының бойында болды. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жүргізуші рөлге ие бола алмай қалып, трассадан түсіп кеткен. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ. Арнайы жүк тасымалдау техникасына 6 жеңіл көлік тиелген.

"Оқиға 5 наурыз күні сағат 22.30 шамасында Көшім ауылының тұсында болды. Зардап шеккендер жоқ. Көліктерге ғана зақым келді. Ауа райы күрт құбылмалы болып тұр, сондықтан тұрғындардан мейлінше алыс жолға шықпауды сұраймыз", - деп жазды БҚО ПД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, аймақта екі күн бойы толассыз жаңбыр жауды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1959604-bqo-da-zenil-kolikter-tiegen-auyr-texnika-audarylyp-qaldy/

pixel