Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордада адам өлтіруге оқталған тұрғынның әрекеті видеоға түсіп қалды

Опубликовано:

Кадр
Видеодан кадр: Polisia.kz

Қызылордада адам өлтіруге оқталған тұрғынның әрекеті бақылау камераларына түсіп қалды. Полицейлер күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қалалық полиция басқармасына адам өлтіруге оқталу дерегі бойынша хабарлама түскен.

Облыс орталығында орналасқан демалыс орындарының бірінде жергілікті тұрғындардың арасында жанжал болған. Нәтижесінде ер азамат әйелге бірнеше пышақ жарақатын салған.

Қазіргі уақытта жәбірленуші аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Тәртіп сақшылары күдіктіні қолға түсіргенін хабарлады. Оның уақытша тергеу изоляторына қамалғаны белгілі болды.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 24-бабының 3-бөлігі және 99-бабының 1-бөлігі (Адам өлтiруге оқталу, яғни басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшыратуға оқталу) сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1959871-qyzylordada-adam-oltiruge-oqtalgan-turgynnyn-areketi-videoga-tusip-qaldy/

pixel