Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қырғыз-тәжік шекарасында тағы да атыс болды

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Қырғызстан-Тәжікстан шекарашыларының арасында тағы да атыс болды, деп хабарлайды 24.kg.

Қырғыз Шекара қызметінің мәліметінше, Баткен облысындағы Тескей деп аталатын жерде Тәжікстан шекарашылары бұған дейінгі белгіленген қозғалыс бағытын өзгертіп, шекараны күзетудің жаңа межесіне өтіп, Қырғызстан шекарашыларынан учаскіні босатуды талап еткен.

Кейін тәжік әскери қызметкерлеріне қосымша күш келген.

"Тәжікстанның шекарашылары сан жағынан басымдығын пайдаланып, жаңа межеге өтуге талпынды. Алайда қырғыз шекарашылары Тәжікстанның әскери қызметшілеріне өз ниеттерін жүзеге асыруға мүмкіндік бермеді. Салдарынан атыс басталып, шамамен 10 минутқа созылды. Атыс салдарынан қырғыз тарабынан жараланғандар мен зардап шеккендер жоқ", - дейді Қырғызстан Шекара қызметінен.

Басылымның жазуынша, Тескей аймағы-бұл мәртебесі анықталмаған аймақ, бірақ ол жерді негізінен Қырғызстан азаматтары пайдаланады. Қазір Баткен облысында орналасқан шекара бөлімшелері күшейтілген қызмет түріне көшкен.

Sputnik Тәжікстан Telegram-каналының хабарлауынша, Тәжікстан билігі шекарадағы жағдайды растаған, дегенмен жараланғандар мен қаза тапқандар жайлы мәлімет бермеген. Жергілікті тұрғындардың сөзінше, атыстан бір шекарашы қаза тапқан.

Еске сала кетейік, бұған дейін де қырғыз-тәжік шекарасында жанжал болып, соңы атысқа ұласқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1960069-qyrgyzstan-men-tazikstan-sekarasynda-tagy-da-atys-boldy/

pixel