Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында тасжолда 200-ге жуық көлік тұрып қалды

Опубликовано:

жол11
Көрнекі фото: pixabay.com

Павлодар облысында Республикалық тасжолда тұрып қалған көліктерден құтқарушылар қырыққа тарта адамды эвакуациялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 наурызда ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар Нұр-Сұлтан – Ерейментау – Шідерті тасжолы жабылды.

Онда 150 жеңіл және 50 жүк көлігі тұрып қалды.

Қалыптасқан жағдайға байланысты жергілікті полиция қызметінен бекет қойылып, "Сарухан" қонақ үйінің базасында жылыну пункті іске қосылды.

Екібастұз қаласының құтқарушылары өрт сөндіру және жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп, 36 адамды, оның ішінде алты баланы эвакуациялады.

Оларға Қазақстан Қызыл Жарты ай қоғамы есебінен тамақ және жылы үй-жай берілді.

"Сағат 18.00-де тасжол ашылды. Техника кептелісі жойылды, төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері мен полицейлердің сүйемелдеуімен барлық көлік бір колоннамен жолға шықты", - деп хабарлады құтқару қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1960508-pavlodar-oblysynda-taszolda-200-ge-zuyq-kolik-turyp-qaldy/

pixel