Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда нөсер жаңбыр салдарынан 14 жеке үй мен ауланы су басты (фото)

Опубликовано:

Алматы
Фото: Алматы қаласы ТЖД

Алматыда демалыс күндері жауған нөсер жаңбырдан 14 жеке үйдің ауласын, жертөле мен көлік тұрағын су басты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар департаменті атап өткендей, 12 наурызда жауын-шашын болатыны туралы дауылдық ескертуден кейін Алматы қаласының азаматтық қорғау күштері мен құралдары жоғары дайындық режиміне өткен.

Алматы
Фото: Алматы қаласы ТЖД

Кеше сағат 23.00-де 14 жерде су басу оқиғасы тіркелді - бұл жеке тұрғын үйлердің аулалары мен жертөлелері, көшелер, сондай-ақ тұрғын үй кешенінің автотұрағы. Көп орындарда су тасқынының зардаптары жойылды.

Алматы
Фото: Алматы қаласы ТЖД

ТЖД Алматы ұаласында наурыз айындағы жауын-шашын нормасы 76 мм екенін, ал айдың басынан бері 51,2 мм жауын-шашын түскенін атап өтті.

Тек 5 сағатта - 16.00-ден 21.00-ге дейін оңтүстік астанада 10 мм жауын-шашын түскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1960515-almatyda-noser-zanbyr-saldarynan-14-zeke-ui-men-aulany-su-basty-foto/

pixel