Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бір жыл бұрын жоғалып кеткен танымал модельдің мәйіті чемоданнан табылды

Опубликовано:

Модель Гретта Ведлер
Фото: www.instagram.com/g.pavlenko

Бір жыл бұрын Мәскеуде 23 жастағы модель Гретта Ведлер жоғалып кеткен болатын. Ал жақын күндері Липецк қаласынан оның мәйіті табылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі mskagency.ru ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Агенттік шамамен бір жыл бұрын Мәскеуде жоғалып кеткен модель Гретта Ведлердің денесі Липецкте көлік ішінде жасырылған чемоданнан табылғанын жазды.

Қазіргі уақытта бойжеткенді өлтірді деген күдікті ұсталды.

"Модель Ведлердің денесі Липецк қаласында көліктегі чемоданнан табылды. Күдікті сол жерде ұсталды", - деді агенттіктікке сұхбат беруші.

Бұған дейін БАҚ жазғандай, модель Гретта Ведлер Мәскеудегі Лесная көшесі бойындағы қонақ үйден жоғалып кеткен. Оның жоғалғаны туралы досы полицияға хабарлаған екен.

Ер адамның айтуынша, ол 2021 жылдың 24 ақпанынан бастап байланысқа шықпаған. Ведлердің досы бойжеткеннің өзін өлтіремін деп қорқытып, үнемі аңдитын ер адаммен жақын қарым-қатынаста болғанын жеткізген еді.

Ал "МК" басылымы күдікті ретінде 23 жастағы Дмитрий есімді ер адамның ұсталғанын жазды.

Тергеу мәліметі бойынша, ер адам Греттаны қызғанғаннан оны Мәскеуде тұрып жатқан қонақ үйде өлтірген. Осыдан кейін ол модельдің денесін саяжайда жасырады. Қазіргі уақытта Дмитрий куәлік етуден бас тартып отыр.

Сондай-ақ, басылым қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын жазды. Одан бөлек тергеу адам өлтірді деген күдікпен ұсталған ер адамды қамауға алу туралы өтініш білдірмек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1960517-bir-zyl-buryn-zogalyp-ketken-tanymal-modeldin-maiiti-cemodannan-tabyldy/

pixel