Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бас прокурор "Дикий Арманның" ісіне қатысты: 24 адам зардап шегіп, олардың бірі қаза тапты

Опубликовано:

Дикий Арман
Дикий Арман. Фото: vk.com

Қазақстанның Бас прокуроры Берік Асылов қаңтар трагедиясындағы шулы 9 оқиға мен уақытша ұстау изоляторында көз жұмған азаматтарға қатысты істі арнайы прокурор зерттеп жатқанын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Аталған істердің шеңберінде 9 лауазымды тұлға, оның ішінде 8 ҰҚКД қызметкері және 1 полицей ұсталды. Олардың барлығы сот санкциясы негізінде қамауға алынды. Олардың қатарында Алматы облысы полиция департаментінің ғимаратында үтік басып азаптады (ұсталғандарды – ред.) деген күдікке ілінген полицей де бар.

Алматы қаласында ҰҚКД-ның 6 қызметкері "Дикий Арманның" (Арман Жұмагелдиев – ред.) қылмыстық тобы ұрлап кеткен 24 азаматты қинады деген күдікпен ұсталып отыр.

Салдарынан зардап шеккен азаматтардың барлығы түрлі дене жарақатын алып, біреуі қайтыс болған. Алматы облысы бойынша ҰҚКД-нің тағы 2 қызметкері уақытша қамау изоляторында отырған азаматты соққыға жықты деген күдікпен ұсталған. Соққыға жығылған азамат алған жарақаттар салдарынан көз жұмған. Тергеу жалғасуда", - деді Бас прокурор.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1960604-bas-prokuror-dikii-armannyn-isine-qatysty-24-adam-zardap-segip-olardyn-biri-qaza-tapty/

pixel