Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СҚО-да түн ішінде жоғалып кеткен ауыл тұрғынының мәйіті 9 күннен соң табылды

Опубликовано:

Мәйіт
Көрнекі фото: pixabay.com

Солтүстік Қазақстан облысында түнде боранда бір ауылдан екіншісіне кеткен тұрғынның мәйіті тоғыз күннен кейін табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Есіл ауданының Покровка ауылында наурыздың 6-сына қараған түні Александровка ауылының 33 жастағы тұрғыны жоғалып кеткен.

Өткен аптаның соңында өткен брифингте Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Мұрат Қанғожинов ер адамның корпоративтік кештен кейін түнгі сағат 3-те Явленка ауылынан Покровка ауылына досының үйіне келгенін мәлімдеген еді.

Ол сағат үш жарымда боран соғып тұрғанына қарамастан, Александровка ауылына қарай шығып кеткен, бұл ауыл шамамен 25 шақырым қашықтықта орналасқан.

ТЖД, полиция, жергілікті атқарушы органдар мен ол жұмыс істеген ұйым қызметкерлері із-түзсіз жоғалған азаматты 7 наурыздан бастап бір апта бойы іздестірді.

Бірақ оның табылғаны туралы ешқандай хабар немесе ақпарат болған жоқ.

14 наурыз күні кешке ер адамның денесі табылғаны белгілі болды, мәйітте зорлық-зомбылық белгілері жоқ.

Мәйіт Покровка ауылынан 13 шақырымдай жердегі Петровка ауылының маңынан табылған. Бұталардың арасында жатқан құрысқан денені жылқы іздеуге шыққан малшы көріп қалған.

Айта кетейік, Петровка ауылы марқұм бет алған Александровка ауылының басқа жағында орналасқан. Ер адам жолдан адасып, қарсы жаққа жүрген болуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1960812-sqo-da-zogalgan-auyl-turgynynyn-maiiti-togyz-kunnen-son-tabyldy/