Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екібастұзда мектеп аумағында жасөспірімді соққыға жыққан

Жарияланған күні:

оқушы11
Көрнекі фото: pixabay.com

Екібастұз мектептерінің бірінде оқитын оқушының анасы мектеп аумағында баласын ұрып кеткенін мәлімдеді. Әйел мектеп басшылығы зардап шеккен оқушының жағдайын да сұрамады деп шағымданған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қазақстандық келіншек өз шағымын Instagram желісіндегі zhaloba_ekibastuz парақшасында қалдырған.

Оқушының анасының сөзінше, мұғалімдер оны полицияға жүгінгені үшін айыптаған.

"Бас миы зақымданған, миы шайқалған, мұрны сынған, жеңіл үсік шалған, бірден есінен танып, аузынан көбік ағып, шок алған. Оны футбол алаңында соққыға жыққан, сол кезде ересектерден жанында ешкім болмаған. Камералар да жоқ", - деді әйел.

Оқиғаға қатысты Екібастұз қаласының білімі бөлімі пікір білдірді.

Ведомствоның мәліметінше, мектеп-лицей аумағында оқушылардың төбелесіне қатысты қазір профилактика кеңесі өтіп жатыр.

"Қызметтік тексеру қорытындысы бойынша мектеп басшылығы мен мұғалімдердің әрекетіне баға беріледі", - деп хабарлады қалалық білім бөлімінен.

Сонымен қатар, Екібастұз полиция басқармасы аталған факті бойынша тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

"2 наурызда Екібастұз полициясына "кәмелет жасына толмаған бала соққыға жықты" деген ұлының түрлі жарақат алып, ауруханаға түскенін айтқан заңды өкіл кінәлі оқушыға шара қолдануды сұрап арыз жазды.

Аталған факті Екібастұз полиция басқармасында тіркелді. Тергеу жүріп жатыр. Қазір кәмелетке толмаған зардап шегуші емделуде. Емі аяқталған соң сот-медициналық сараптама тағайындалады. Оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деп хабарлады ведомстводан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1960925-ekibastuzda-mektep-aumagynda-zasospirimdi-soqqyga-zyqqan/