Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда автобус жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен

Опубликовано:

Автобус жүргізушісі
Көрнекі фото: pixabay.com

Павлодарда Ankai автобусының 59 жастағы жүргізушісі 62 жастағы жаяу жүргіншіні қағып, жол-көлік оқиғасы болған жерден қашып кеткен, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Тәртіп сақшылары күдіктіні “дереу ұстау” жоспарын енгізді. Полиция қызметкерлері барлық аула, гараж кооперативтерін тексеріп, бейнекамералардағы жазбаларды зерттеді.

– Жол-көлік оқиғасы салдарынан II-ші топтағы мүгедектігі бар ауыл тұрғыны жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, – деп хабарлады Павлодар облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Арнайы іс-шаралар кешенін өткізу нәтижесінде, полиция қызметкерлері ақпан айында орын алған апатқа кінәлі деген 59 жастағы жүргізушіні анықтап, ұстады.

Оның айтуынша, ол жауапкершіліктен қорыққандықтан оқиға орнынан қашып кеткен.

Аталған факті бойынша Қылмыстық Кодекстің 347-бабы (Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1961021-pavlodarda-avtobus-zurgizusisi-zayau-zurginsini-qagyp-oqiga-ornynan-qasyp-ketken/

pixel