Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Энергетика министрі Каспий құбыр консорциумындағы апатқа қатысты мәлімдеме жасады

Жарияланған күні:

"Terminalex" ЖШС
Көрнекі фото: "Terminalex" ЖШС

Энергетика министрі Болат Ақшолақов ОКҚ-да өткен брифингте Каспий құбыр консорциумындағы апатқа қатысты бүгінгі жағдай туралы айтты. Оның сөзінше, егер КҚК жөндеу жұмыстары ұзаққа созылса, үш кен орнында да өндіріс азаюы мүмкін, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Расында да, соңғы күндері жылжымалы айлақ қондырғыларында апаттарға байланысты төтенше жағдай орын алғаны туралы ақпарат тарады. Үш айлақ бар, үшіншісінде апат болып, жұмыстың толық тоқтауына әкеп соқтырды. Екінші айлақта да ақаулар бар және апатты жағдай болып, оны да ажыратты.

Біріншісі де зерттелгенше өшірілді. Бұл нені білдіреді? Біздің мұнай кеніштері бірнеше күн резервуарға сүйеніп жұмыс істейді. Егер "Новороссийск" портындағы жылжымалы айлақ қондырғыларындағы жөндеу жұмыстары созылып кетсе, үш ірі мұнай кенішінде мұнай өндіру көлемі қысқаруына әкеп соқтыруы мүмкін", - деді министр Ақшолақов.

Сондай-ақ, ол бірінші айлақ бүгін іске қосылады деген ақпарат бар екенін хабарлады. Ақшолақовтың мәлімдеуінше, бұл өндірістегі айтарлықтай шығыннан құтқарады.

"Дауыл басылып, бірінші айлақ бүгін іске қосылып, танкерлер тией бастайды, ал екінші және үшінші айлақты жөндеу жұмыстарын әріптестеріміз үш апта ішінде аяқтайды деп үміттенеміз", - деді министр.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстанның Энергетика министрлігі Каспий құбыр желісі консорциумы теңіз терминалындағы апаттан кейін мұнай экспорттаудың балама бағыттарын қарастырып жатқанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1962114-energetika-ministri-kaspii-qubyr-konsorciumyndagy-apatqa-qatysty-malimdeme-zasady/