Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте тоқтаусыз жауған жаңбырдан мазардағы бейіттер опырыла бастаған (видео)

Опубликовано:

Бейіт
Кадр: Отырар арнасындағы видеодан алынды

Әлеуметтік желіде Шымкентте бейіттердің опырылып жатқаны жайлы видео тарады. Бейнежазбаға қатысты пікір білдірген Қаратау ауданы әкімдігінің мәліметінше, бұған тоқтаусыз жауған жаңбыр себеп, деп хабарлайды Otyrar.kz.

Телеарнаның дерегінше, желідегілердің қызу талқасына түскен видео қаладағы Қайтпас-1 шағынаудынындағы мұсылмандар жерленген мазарда түсірілген.

Желі қолданушыларының бірі бейіттердің опырылуын қалыпты жағдай деп қабылдаса, енді бірі жауын салдарынан бұлай болуы мүмкін емес деген пікір қалдырған.

Қаратау ауданы әкімдігінің айтуынша, қазіргі таңда жергілікті тұрғындардың және демеушілердің көмегімен бейіттерді қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізілуде. Жалпы, ойық пайда болған молалардың басым бөлігі топырағы кеппеген жаңа бейіттер екен.

"Соңғы бір айдың көлемінде тоқтаусыз қар аралас жаңбыр жауып жатыр. Мазардың топырағы ойылып түсіп кетуі де осы себептен. Шамамен 50-ден астам бейіттің топырағы ойылып, астына түсіп кеткен. Жартысынан көбін жергілікті тұрғындар, туған-туыстары, мешіт имамдары және шырақшылар қалпына келтіруде. Жабылмағандарының үстін кленкамен жауып қойдық", - дейді Қаратау ауданы әкімдігінің бөлім басшысы Нұржан Дүйсенов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1962121-symkentte-toqtausyz-zaugan-zanbyrdan-mazardagy-beiitter-opyryla-bastagan-video/

pixel