Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында мектеп мұғалімі жарыс кезінде қайтыс болды

Опубликовано:

Білім ордасы
Көрнекі фото: pixabay.com

Ақмола облысында "Мұғалім-2022" аймақтық спартакиадасы кезінде мұғалім көз жұмды, деп хабарлайды Қазақпарат.

Басылым мәліметінше, қайтыс болған мұғалім Мамай ауылындағы орта мектептің директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары болған. Марқұм 43 жаста еді.

Бұған қатысты пікір білдірген Ақмола облыстық білім басқармасы жарысқа Біржан сал ауданының 10 мектебі қатысқанын хабарлады.

Оның ішінде Мамай ауылының негізгі орта мектебінің командасы да бар.

Жарыс волейбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, шахмат, қоссайыс және ұлттық спорт ойындары сияқты спорттың бірнеше түрінен өткен.

Көз жұмған мұғалімнің спорттық жарыстарға қатысуға рұқсаты болды. Ол аймақтық спартакиадаға қатысу өтініміне сәйкес волейбол және үстел теннисі бойынша команда құрамына қабылданған.

"Волейбол ойыны кезінде ол өзін жайсыз сезініп, алаң сыртына шығып орындыққа отырды. Біраз уақыттан кейін құлап, есінен танып қалды. Оған медицина қызметкері алғашқы медициналық көмек көрсетті", - делінген ведомство хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1962496-aqmola-oblysynda-mektep-mugalimi-zarys-kezinde-qaitys-boldy/

pixel