"Қайық аударылып кеткен": Алматы облысында балық аулауға шыққан екі ер адам мерт болды
Жарияланған күні:
Алматы облысында екі ер адам суға кетіп, көз жұмды, деп хабарлайды Республикалық жедел құтқару жасағының баспасөз қызметі.
РЖҚЖ мәліметінше, 28 наурызда сағат 17:30-да РЖҚЖ кезекші - диспетчерлік бөліміне Деревянное көлінде оқыс оқиға болғаны туралы хабарлама түскен.
Белгілі болғандай 1973 және 1969 жылы туған екі балықшы үрлемелі резеңке қайықпен балық аулап жүргенде кенеттен қайық аударылып, олар суға батып кеткен.
Куәгерлер бірден бір балықшының денесін судан алып шыққан.
Ал екінші балықшының денесін іздестіру-құтқару шараларын жүргізген Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы түнгі 00.00-де тауып, судан шығарған.
Осы орйда, құтқарушылар қайықпен балық аулау кезінде аса сақ болуды, міндетті түрде құтқару кеудешесін киюді, төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне қоңырау шалу қажеттігін ескертеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1962608-almaty-oblysynda-balyq-aulauga-syqqan-eki-er-adam-mert-boldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.